Ресей Украинада соғысып жатқан Үндістан азаматтарымен келісім-шарттарын бұзады. Ресей Қорғаныс министрлігі онымен келісімшартқа отырған үндістандықтардың барлығын жұмыстан босатады. Бұл шешім премьер-министр Нарендра Модидің президент Владимир Путинге сапарынан кейін қабылданды, деп хабарлайды NDTV өз дереккөздеріне сілтеме жасап.