Байден Киевке президенттік мерзімінің соңына дейін бөлінген қаржының барлығы Украинаға жіберілетінін мәлімдеді. Ақ үй сайтындағы ресми мәлімдемеге сәйкес, Пентагон Киевке 2,4 миллиард доллардың қару-жарағын өткізеді. Оның ішінде қосымша әуе қорғанысы жүйелері, ұшқышсыз ұшақтар және әуе-жер қарулары бар. Атап айтқанда, «Украинаның ұзақ қашықтықтағы соққы беру қабілетін арттыру үшін» оған JSOW әуе бомбалары беріледі», - делінген Ақ үй мәлімдемесінде.