Байден Трампқа қастандық жасау әрекетін тергеуді бұйырды. Джо Байден Рехобот-Бичте өткен арнайы баспасөз мәслихатында Трамптың митингісі «бейбіт жағдайда еш қиындықсыз өтуі керек» болатын деді. Америка басшысы АҚШ Құпиялық қызметіне Пенсильваниядағы сәтсіз қастандықтан кейін Дональд Трамптың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және болған оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырғанын айтты.