Белгород облысындағы екі сайлау учаскесінде Путин 100% дауыс жинады. Сайлаудың өту барысын зерттейтін сарапшы Иван Шукшин Шебекинодағы No1130 және Волоконов ауданындағы No37 сайлау учаскелерінен алынған аномальды деректерге назар аударды. Жергілікті сайлау учаскелерінің мәліметтері бойынша, онда Путинге сәйкесінше 2500 және 1600 адам дауыс берген.