Белгород пен Воронеж облыстарына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады.т Бұл туралы 25 маусымға қараған түні облыс губернаторы Вячеслав Гладков мәлімдеді. Оның айтуынша, Белгородқа жақындаған кезде бірнеше әуе нысаны атып түсірілген. Бұл ретте Белгородтың өзінде көпқабатты үйдің бір пәтерінің терезелері сынған, ал автосалондардың бірінің әйнек жабындары толығымен бүлінген.