Берлин Ресейдің Украинадағы «Охматдет» балалар ауруханасы мен басқа да нысандарға жасаған соққысын қатаң айыптады. Германия үкіметі Ресей президенті Владимир Путинді «көптеген жазықсыз адамға қарсы агрессивті соғысты дереу тоқтатуға» шақырды, деп хабарлады Германия Сыртқы істер министрлігі. Олар Украинаның бейбіт тұрғындарының, оның ішінде балалардың жағдайы драмаға айналғанын атап өтт.