Байден әзірге Украинаны НАТО-ға кіруге шақырмауға шешім қабылдады. Ақ үй «қысқа мерзімді перспективада табысқа жету ықтималдығының төмендігін ескере отырып», мұндай символдық шақыру идеясын қабылдамады, деп жазады Bloomberg. Оның орнына Джо Байден әкімшілігі 2025 жылдың 20 қаңтарында Дональд Трамптың инаугурациясына дейін Украинаға осындай кепілдік беретін екіжақты қауіпсіздік келісімдерін әзірлеуді жоспарлап отыр.