Ресейдің әскери шығыны 2025 жылы барлық бюджет шығыстарының 40 пайызын құрайды. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат пен ұлттық экономиканы біріктіретін шығындардан да көп, деп атап өтті агенттік. Bloomberg Ресей әскерінің Украинаның шығысындағы баяу ілгерілеуіне байланысты Кремль әскери шығындарды көбейтіп жатыр деп болжайды.