Болгарияда ЛГБТ-ге қарсы заң қабылданды. Ресейшіл "Возрождение" партиясы парламентке ұсынған мектептердегі ЛГБТ «насихатына» қарсы заңды Болгария парламентінің 240 депутатының 159-ы қолдады. Бұған жауап ретінде 7 мыңнан астам азамат пен 76 үкіметтік емес ұйым президент әкімшілігіне қабылданған құжатқа вето қоюды талап етіп петиция жолдады.