Жозеп Боррелл Киевте ЕО-ның Украинаға миллион снаряд жеткізу жөніндегі міндеттемесі орындалатынын растады. «Бүгін Киевте президент Владимир Зеленскийдің қабылдауында болу мен үшін үлкен мәртебе, мен оған жыл соңына дейін 1 миллион артиллериялық снаряд жеткізу міндетін орындайтынымызды айттым», - деп жазды Еуропаның бас дипломаты әлеуметтік желіде.