ЕО Венгрияның Украинаға қару-жарақ сатып алуына вето қойғанын айналып өте алады, - Боррель. Еуропалық Одақ Украинаға қару сатып алу үшін Еуропада бұғатталған ресейлік активтерден түскен кірісті пайдалану туралы Венгрияның ветосын айналып өтуге заңды мүмкіндік тапты, деп хабарлады Financial Times басылымына Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жосеп Боррелль. Ол әзірленген механизм «кез келген заңды шешім сияқты күрделі, бірақ жұмыс істейтін» болатынын атап өтті.