Бір жылда Ресейден 2 миллионнан астам мигрант кеткен. Қазір елде 6,17 миллион шетел азаматы тіркелген, деп хабарлады РФ Ішкі істер министрлігінің Көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқармасы. Сонымен бірге 2023 жылы Ресейде көші-қон үшін 8,5 миллионнан астам шетелдік тіркелген, деп бұрын билік жариялаған еді.