Бразилия президенті бас жарақатына байланысты Қазанда өтетін БРИКС саммитіне қатыспайды. Луис Инасио Лула да Сильва үйінде басының артқы жағынан жарақат алған, оған тігіс салу керек болды. Осыған байланысты дәрігерлер оған ұзақ ұшудан бас тартуға кеңес берген. Бразилия президенті саммитке бейнебайланыс арқылы қатысады деп хабарланды.