Бразилияда X әлеужелісін бұғаттауға қарсы наразылық шерулері өтті. 45 мыңға жуық адам Сан-Паулу мен Бразилияның басқа қалаларының көшелеріне шығып, 30 тамызда елде Илон Маскқа тиесілі әлеуметтік желіге кіруді шектеу туралы бұйрық берген Федералды Жоғарғы сот судьясы Александр де Мораэстің отставкаға кетуін талап етті. Митингке қатысушылар «Демократия» және «Бостандық» деген жазуы бар плакатпен шықты.