Сәрсенбі күні Бразилия орталығындағы Жоғарғы сот ғимаратының жанында жарылыс болды. Сот қызметкерлері эвакуацияланып, оның алдындағы алаңнан ер адамның мәйіті табылды. Бірінші жарылыс сот ғимаратына іргелес тұрған автотұрақтағы көліктің жүксалғышында болды, ал 20 секундтан кейін екінші жарылыс естілді. Ғимарат алдындағы алаңнан ер адамның мәйіті табылды. Билік өкілдерінің айтуынша, ол Жоғарғы сотқа кіруге әрекеттенген.