Израильдің Ливандағы «Хезболла» радикалды шииттік қозғалысына қарсы әскери операциясы басталғаннан бері Ливаннан Сирияға 100 мыңға жуық адам қашып кеткен. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Грандидің айтуынша, Сириямен шекараға келушілер ағыны тоқтамайды. БҰҰ қызметкерлері жергілікті билік пен Қызыл жарты ай қызметкерлерінің қолдауымен төрт бақылау бекетінде жұмыс істейді.