Чехия президенті 60 чех азаматына Украина қарулы күштерінде қызмет етуге рұқсат берді. Украинада кең ауқымды соғыс басталғаннан кейін Чехия президенті Петр Павелдің кеңсесіне Украина жағында соғысуға рұқсат сұраған ел азаматтарынан 181 өтініш келіп түсті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Филипп Платош. Оның айтуынша, Украина қарулы күштерінің қатарына қосылуға рұқсат Чехияның 60 азаматына берілген.