Челябі облысында бөгет бұзылды. Су басу аймағында – 200 адам. Қиалым су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы ұзаққа созылған жауын-шашын салдарынан су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты болды. Қарабаш қалалық округінде төтенше жағдай жарияланды, дейді жергілікті «Карабашский рабочий» басылымы ауданның жедел штабына сілтеме жасап.