Дағыстанда 15-тен астам адам қаза тапты. Республикада үш күн қаралы күн жарияланды. Дербент пен Махачкалада болған теракт салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлады Дағыстан басшысы Сергей Меликов. Оның айтуынша, Махачкаладағы ауруханаға 16 адам жеткізілген - жараланған 13 полиция қызметкері мен үш бейбіт тұрғын. 24-26 маусым аралығында Дағыстанда қаралы күн жарияланды.