ДДҰ mpox вирусының («маймыл шешегі») өршуіне байланысты ескерту жасады. Орталық Африка елдерінде mpox вирусының (бұрынғы маймыл шешегі) таралуы халықаралық төтенше жағдай деп жарияланды. Бұл туралы 14 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.