Джо Байден Украинаға одан әрі қолдау көрсету мәселесін талқылау үшін Германияға барады. Бұл туралы Германияның Der Tagesspiegel және Der Spiegel басылымдары Берлиндегі үкіметтік ортадағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Олардың айтуынша, сапар 10-12 қазанда өтеді, сол күндері Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармерді Германияға шақыру жоспарлануда.