ДнепроГЭС ауыр жағдайда, деп хабарлады Запорожье облыстық әкімшілігінің басшысы. Иван Федоровтың айтуынша, стансада электр қуатын өндіру туралы мүлдем айтуға да болмайды. Бөгет бойымен сол жағалаудан оңға қарай көлік қозғалысы толығымен жабылды, мамандар бөгеттің жағдайын зерттеп жатыр, деп қосты ол.