Wall Street Journal басылымы АҚШ республикалық партиясының кандидаты Дональд Трампқа оқ жаудырған 20 жастағы Томас Мэтью Крукс туралы жаңа мәліметтерді ашты. Крукс құрал-жабдықтар мен химиялық заттарды ата-анасының үйінде сақтаған. Ол ғылымға қызығушылық танытып, эксперимент жүргізген және бірнеше марапаты бар математик болғандықтан, оның ата-анасы оғаш ештеңеден күдіктенбеген, деді ФТБ-ының арнайы агенті Кевин Роджак Wall Street Journal басылымына.