Мемлекеттік Дума Ресей Федерациясында туу көрсеткішін арттыру үшін лотерея өткізуді ұсынады. «Біз Ресейде туу көрсеткішін ынталандыру үшін жаңа туған нәрестеге арналған бүкілресейлік лотереяны іске қосу туралы айтып отырмыз», - деді РФ Мемлекеттік Думасының вице-спикері Борис Чернышов. Ол жаңа туған Ресей азаматтары арасында ай сайын 10 пәтер, 100 автокөлік және үйге қажетті 1000 тұрмыстық техника ұтыс ойынын ойнауды ұсынды.