3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Кездесуді қабылдаушы Қазақстаннан басқа оның құрамына Қытай мен Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан кіреді. АстанадаШЫҰ жаңа мүше – Беларусьті қабылдады. ШЫҰ құрудың бастапқы мақсаттары өзара сенімді нығайту және КСРО ыдырағаннан кейін шекаралас аймақтардағы әскери қатысуды азайту болды.