ЕО Армениямен визасыз режим туралы келіссөздерді бастайды. Бұл туралы Еуроодақ кеңесі мәлімдеді. «Кеңес Еурокомиссияның Армениямен визаны либерализациялау бойынша диалогты бастау ниетін құптайды», - делінген құжатта. Сонымен бірге, Ереван Еуроодақтың барлық қажетті критерийлерін толық орындаған жағдайда Армения мен Еуроодақ елдері арасындағы визалық режим жойылатынын, бұл бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін атап көрсетеді.