ЕО Грузия үкіметіне бөлінген 121 миллион еуроны қайтарып алды. Еуропалық Одақ бұл қаражатты басқа мақсаттарға бағыттауды жоспарлап отыр, деді ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель. Бұл қаражат «азаматтық қоғамға және тікелей грузин халқына пайда әкелетін бағдарламаларға» жұмсалады», - деді еуропалық дипломатияның басшысы.