Ердоған Қырымды Украинаға қайтаруды жақтады. Анкара Украинаның аумақтық тұтастығын, егемендігі мен тәуелсіздігін қолдайды, деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 11 қыркүйекте Киевте басталған 4-ші Қырым платформасы саммитіне қатысушыларға арнаған бейне үндеуінде.