Татарстанда базарда арба айдап жүріп, балалар үйіне 80-нен астам көлік сыйлаған қарияға ескерткіш орнатылған. Татарстанның Еділ мен Қазан (Казанка) өзені түйіскен жердің дөңінде Татарстанның Кремлі тұр. Осы саяси салмақты, тарихи көрнекті орында қарапайым арба жеккен қарияға арнайы ескерткіш орнатылған. Сырттай қарағанда прототипі халық арасындағы белгісіз қария болып көрінгенмен, оның ғұмырында жасаған ерлігі ескерткіш орнатуға тұрарлық.