Еуропалық кеңес басшысы Орбанға Украинаға қатысты жауап берді. Шарль Мишель Венгрия премьер-министрінің Еуропалық Одақ Украинаға қатысты «соғыс саясатын» жүргізіп жатыр деген мәлімдемесін жоққа шығарды, деп жариялады Reuters. Ол, сондай-ақ, Виктор Орбанның Еуропалық Одақ атынан халықаралық келіссөздер жүргізуге құқығы жоқ екенін, бірақ қазір Венгрия Еуропа Кеңесіне кезекті төрағалық ететінін еске салды.