Еурокомиссия Украинаға тағы 4,2 миллиард еуро бөлуді қолдады. Қаражат Еуропалық Кеңесте Еуроодақ мемлекет және үкімет басшылары мақұлдаған соң, Украинаға көмек көрсету қорынан бөлінеді. ЕК президенті Урсула фон дер Ляйен мәселенің тез шешілетініне үміт білдірді. Ол осы механизм аясында Еуропалық Одақ тарапынан Киевке көрсетілетін қаржылық қолдаудың жалпы көлемі 12 миллиард еуроға жететінін атап өтті.