Еуропалық комиссия Ukraine Support Loan несиелік бағдарламасы шеңберінде Украинаға 4,36 млрд еуро жіберді. Оның 3,7 млрд еуросы осы жылға келісілген макроқаржылық көмектің екінші траншы болса, тағы 658 млн еуро елдің қорғаныс қажеттіліктеріне бөлінген, деп хабарлайды Arbat.Media.