Еуроодақтың газ қоймалары 90 пайызға толған – белгіленген мерзімнен екі ай бұрын. ЕО «келесі қысқа дайын», - деп хабарлады Еуропалық комиссия Gas Infrastructure Europe порталында мәліметтерді жариялау кезінде. ЕО-ға мүше елдердің келісімдері бойынша, Ресейдің Украинаға басып кіруі және «газ шантажы» фонында қауымдастықтың газ қоймалары 1 қарашаға дейін 90 пайызға толтырылуы керек еді.