Еуропадағы су тасқыны: бірқатар елдерде жағдай қиын күйінде қалып отыр. Су тасқынынан кем дегенде 8 адам қаза тапты, құрбандар саны Румынияда көп. Чехияда тағы төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті. Елдің шығысында Крнов қаласы толық су астында қалды, тұрғындары тікұшақтардың көмегімен су басу аймағынан құтқарылуда.