Еуропалық комиссия Венгрияны сотқа береді. Еуропалық комиссия Венгрияда қабылданған «Ұлттық егемендікті қорғау туралы» заңға байланысты Люксембургтегі Еуропалық сотқа шағым түсіру туралы шешім қабылдады. Брюссельдің айтуынша, бұл заң ЕО нормаларына қайшы келеді. Еурокомиссия Венгрияны сөз бостандығы мен басқа да негізгі құқықтарды шектеді деп айыптады. Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, ЕК жеделдетілген сот ісін жүргізуді сұрады.