Еуропалық Одақ Путиннің ядролық қоқан-лоққысын айыптады. Еуропалық Одақ Ресей президентінің ядролық доктринаны өзгерту туралы мәлімдемесін Владимир Путиннің «өте жауапсыз және қабылданбайтын әрекетінің жалғасы» деп атады. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілі Питер Станоның айтуынша, Путин «қайта-қайта ядролық ойын ойнаудан тартынбайтынын» көрсетті.