Еуропарламент депутаттары Грузия үкіметінің Еуропалық Одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді бастау әрекеттерін тоқтату туралы шешіміне өкініш білдірді. Бұл туралы ЕП Сыртқы істер комитетінің басшысы Дэвид МакАллистер, ЕО-Грузия парламенттік қауымдастығы комитетінің төрағасы Нил Ушаков және Еуропарламенттің Грузия бойынша тұрақты баяндамашысы Раса Юкневичиенің бірлескен мәлімдемесінде айтылған.