Еуропарламент Грузиядағы сайлауды тексеруді талап етеді. «Үш апта бұрын мен елдің әртүрлі аймақтарында бюллетеньдерді толтыру, ашықтан-ашық алаяқтық, дауыс беру құпиясын сақтамау, қорқыту оқиғаларының тікелей куәгері болдым», - деді рузиядағы соңғы сайлауға Еуропарламенттен бақылаушылар тобының құрамында болған чех депутаты Маркета Грегорова. Сол сайлаудағы ірі заң бұзушылықтар 13 қарашада ЕП-де өткен пікірталастардың тақырыбына айналды.