Еуроодақ парламенті Украина және Молдовамен бажсыз сауда режимін тағы бір жылға ұзартты. Депутаттардың көпшілігі Украина ауылшаруашылық өнімдерін Еуроодақ елдеріне экспорттауға импорттық баж салығын және квоталарды тоқтатуды жақтап дауыс берді. Жеңілдікті сауда режимі 2025 жылдың 5 маусымына дейін жалғасады.