Гольф клубындағы атыс Республикалық партиядан президенттікке кандидатқа қастандық жасаудың кезекті әрекеті болуы мүмкін деп есептейді ФБР. Департамент өкілі оқиғаны тергеу үшін «барлық ресурс» жұмылдырылып жатқанын айтты. Палм-Бич округінің шерифі Рик Брэдшоу журналистерге оқиғаға күдіктінің тұтқындалу кезінде қарусыз және «тыныш» болғанын айтты. Ер адам қастандық жасау әрекетіне қатысы бар екені туралы ешқандай мәлімдеме жасамаған,.