Федерация Кеңесі Ресей Федерациясы мен КХДР арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялады. Шарт кез келген мемлекет немесе бірнеше мемлекеттер тарапынан қарулы агрессия болған жағдайда елдердің өзара әскери көмек көрсетуін қарастырады. Сондай-ақ құжат Ресей Федерациясы мен КХДР арасындағы «әділ көпполярлы жаңа әлемдік тәртіпті» құру және екі елдің қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу бойынша ынтымақтастықты көздейді.