Урсула фон дер Ляйен ЕО-ны ықтимал соғысқа дайындалуға және қорғанысқа инвестициялауға шақырды. Ресейдің Украинаға басып кіруі және Путиннің қоқан-лоққылары аясында Еуроодақ бірлескен қару-жарақ шараларын қабылдап, ықтимал соғысқа дайындалуы керек, - дейді Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен.