Франция Киевке жойғыш ұшақтарды жеткізуді кейінге қалдырды. Олар қалай модернизацияланған? Эмманюэль Макрон 2024 жылдың соңына дейін қанатты зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтардың шабуылын тойтару үшін қолданылатын Мираж-2000 жойғыштарының партиясын Украинаға беруге уәде берді, бірақ қазір бұл мерзім 2025 жылдың бірінші тоқсанына шегерілді. Франция ұшақтарды модернизацияламақшы, деп түсіндірді елдің Қорғаныс министрлігі: олар жердегі ұрыс пен электронды соғысқа арналған жаңа техникамен жабдықталады.