Францияда кезектен тыс парламент сайлауының қорытындысы шығарылды. Ең жақсы нәтижені 182 парламенттік орынға ие болған «Жаңа халық майданы» солшыл коалициясы көрсетті. Екінші орында Францияның қазіргі президенті Эмманюэль Макронның «Республика үшін бірге» центрист коалициясы (168 орын),үшінші орында Марин Ле Пен мен Жордан Барделланың оңшыл "Ұлттық бірлестік" партиясы (143 орын).