Эмманюэль Макрон Франция премьер-министрі Габриэль Аттальдың отставкаға кетуін қабылдамады. Елдің жаңа үкіметі Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Олимпиада ойындарынан кейін жасақталады деп күтілуде. Ал ірі саяси күштердің ешқайсысы көпшілік дауыс жинай алмаған парламентте мұны істеу қиынға соғады дейді сарапшылар.