Газа секторында кепілге алынған алты израильдіктің мәйіті табылды. Израиль армиясының сарбаздары мен израильдік қауіпсіздік қызметкерлері барлау мәліметтеріне сүйене отырып, қаладағы шайқастар кезінде Хан-Юнистегі туннельден отандастардың мәйіттерін шығарды. Қаза тапқандардың барлығы 2023 жылы 7 қазанда Хамас содырлары ұрлап кеткен 35 пен 80 жас аралығындағы ер адамдар.