Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму министрі Свенья Шульце: «Украинаға тек қару ғана емес, дәрігерлер мен электриктер де қажет», - деді. Киевке әскери көмек сияқты азаматтық қолдау да маңызды, деп қосты ол. Шульце қажетті көмекті тез әрі нақты көрсетуге мүмкіндік беретін Украина мен Германия қалалары арасындағы туысқандық бағдарламалардың маңыздылығын атап өтті.