Германия Украинаға қосымша 100 миллион еуро көмек көрсетеді. Бұл туралы Молдова астанасына сапары барысында Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок мәлімдеді. Қаражат Киевке осы қыста аударылады, деп таратты Reuters Германия СІМ басшысына сілтеме жасап.