Германия Украинаның әуе қорғанысын күшейтуді жалғастырады. «Украинаны жақтаушылар ретінде біз жеткізуді ұлғайтуымыз керек, өйткені әуе қорғанысы өте маңызды. Сондықтан Германия үш Patriot жүйесі мен бірнеше IRIS-T жүйелерін беріп үлгерді», - деді Германия қорғаныс министрі Борис Писториус DW арнасына берген сұхбатында.