Грузия полициясы Тбилисидегі оппозицияның шатырларын қиратты. 19 қараша күні таңертең полиция оппозициялық партиялардың парламенттік сайлау нәтижелерін бұрмалауға қарсы акциясын тоқтатты. Тбилиси орталығындағы наразылық білдірушілердің шатырлы қаласы 17 қарашадан бері сол жерде болған.